"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ДУБЛЁР КҮНІ 2025 жылдың 3 қазанында мектебімізде Парламент мүшелері Ұстаздар күніне арналған «Дублер күнін» өткізді. <img class="xz74otr x15mokao x1ga7v0g x16uus16 xbiv7yw"
19 қыркүйектен бастап мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол-жолда жүру ережесін біл!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара мақсатында -жолда жүру ережелері түсіндіріліп, бағдаршам белгілерінің маңызы, жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану жолдары айтылды. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттырып, жауапкершілігін қалыптастыру. ДТІЖО:Адилбек Ж.
Құрметті ата-аналар! Біздің облыста Психологиялық қолдау орталығында тегін, анонимді және тәулік бойы психологиялық көмек алуға болатын сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салғымыз келеді. Бұл өте маңызды, өйткені кейде жай ғана сөйлесу жеткілікті — оны жеңілдету және қиын жағдайдан шығудың жолын табу үшін. <span class="html-span xexx8yu
2025 жылғы 29 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде 5-9 сыныптарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты : Оқушыларды сыбайлас жемқорлық ұғымымен таныстыру;Әділдік, адалдық құндылықтарына тәрбиелеу;Қоғамдағы жемқорлықтың зиянын түсіндіру. Өткізген:Канаева С.В., Асан Ж.А., Шарипова М. Т., Сеитова Г. Г., Куттыгожа Н. И.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз білім беру жүйесін құру бойынша өңірлік сабақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, білім беру округтері шеңберінде мектептерге балабақшалар беру арқылы Аймақ негізгі мектебінде Бірыңғай ашық есік күні өткізілді. «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы: негізгі даму векторлары». Шара балабақша мен мектеп арасындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі сабақтастық мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.