"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Аймақ негізгі мектебінің мұғалімдері бұл шараға белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Диктант барысында олар мемлекеттік тілге құрметті, патриоттық сезімді және кәсіби жауапкершілікті көрсете білді.Бұл іс-шара — тіл мәдениетін арттыру және мемлекетті тілде сауатты білім алудың бірден бір сара жолы.
Мектепалды даярлық тобы мен және 1-сынып оқушыларымен “Менің Отаным- Қазақстан”тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: 1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Әнұран – мемлекеттің маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның ұлттық ерекшелігі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақ азаматының өсіп-өніп, қалыптасып келе жатқан киелі бесігі ретінде дәріптеледі. Әнұранды орындау, ең алдымен, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Республика күніне арналған жоспар
2025 жылғы 20.10 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде 5-9 сыныптарға арналған «Қазақстан Республикасы:кеше, бүгін, ертең» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты : Оқушыларға Республика күні мерекесінің маңызын түсіндіру ;Елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру;Тәуелсіздік пен Отансүйгіштік құндылықтарын бойына сіңіру. Өткізген:Канаева С.В., Асан Ж.А., Шарипова М. Т., Сеитова Г. Г., Куттыгожа Н. И.