"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"Аймақ негізгі мектебі "КММ -де "Жас ұрпақ-Тəуелсіздік қорғаны " атты іс-шара жоспарына сай 9-сынып оқушыларының ара ында баскетбол жарыс өтті. Мақсаты: оқушылардың дене дайындығын арттыру жəне ойының мəдениетін қалыптастыру. Күштілік ептілік қасиеттерін дамыту. Өткізген:Шарипов Е.Б.
21.10 күні 5-сынып оқушыларымен "Қазақ елі менің Отаным " атты тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты : Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге жетелеу. Сынып жетекшісі :Асан Ж. А.
5-сынып оқушыларымен "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам "тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар интернетті колданудың негізгі қауіпсіз 5 қадамын жазды. Мақсаты :оқушыларға интернет пен компьютерге деген шамадан тыс құмарлықтың қауіптілігі туралы түсінік қалыптастыру, интернетті қауіпсіз қолданудың қадамдарымен таныстыру. сынып жетекшісі: Асан Ж.А.
16.10.2024 жылы "Аймақ негізгі мектебі" КММ-де "Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі және балаға интернет қауіп-қатері" тақырыбында Тайынша ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Каташев Марат Дулатович қатысып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты оқушылардың ата-аналарын Интернет желісінің ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселелерімен таныстырды.