"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2025 жылғы 8 қыркүйекгінде «Аймақ негізгі мектебінің» ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына Жолдауын тыңдады. «Экономиканы цифрлық тұрғыдан ауқымды жаңғырту адами капиталдың дамуына жаңа талаптар қояды. Бұл ретте ерекше рөл білім беру жүйесіне жүктеледі. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында
Бүгін мектебімізде 8-9 сыныптар арасында 5-қыркүйек-Қазақстан халқының тілдер күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Жалпықазақстандық ашық диктанттың өткізілу мақсаты, оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру.
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектебімізде "Тіл - достықтың көпірі " атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Апталықтың ашылуында тіл туралы мақал-мәтелдер айтылып, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы ақпараттар айтылып, бейнеролик көрсетілді. Әрі қарай онкүндіктің жоспарымен таныстырылып, алдағы күндері өткізілетін мазмұнды іс-шаралар легін жария етілді.
Білім күніне арналған " Мектебім-мейірім мекені " тақырыбында 5-7 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау, білім алушыларға "Адал азамат" біртұтас тəрбие бағдарламасының аясындағы құндылықтар жөнінде жалпы ақпараттар беру. Оқушылардың ізденімпаздықтарын дамыту. Өткізген: 5,6,7 -сынып жетекшілері.
Бүгін, тамыздың 29-і күні «Аймақ негізгі мектебі» КММ «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.
Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын жəне сауықтыруын қамтамасыз ету. Оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.